Ресейде екі ер адам полиция қызметкерлеріне оқ жаудырған

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2026 14:05 Фото: unsplash
Ресейде екі ер адам қылмыс орнын тексеруге барған полиция қызметкерлеріне оқ жаудырып, жарақаттады. Сот күдіктілердің бірін 15 келесісін 16 жылға темір тордың артына жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лента.ру ақпаратынша, оқиға 2024 жылғы 9 желтоқсанда Липецк қаласында болған. Сол күні екі жергілікті тұрғын полиция қызметкерлері ақша ұрлығы фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатқан Бехтеев көшесіндегі үйге келген.

Күдіктілер олардың алдындағы адамдардың кім екенін түсініп, полицияға қарай травматикалық қарудан кемінде бес рет оқ атқан. Салдарынан екі қызметкер басы мен денесінен жарақат алып, ауруханаға жатқызылған. Сот-медициналық сараптама бір қызметкердің ауыр жарақаттанғанын анықтады.

Тергеушілер жеткілікті дәлелдер жинады: куәлардан жауап алынды, бетпе-бет тексерулер өткізілді, оқиға орны тексеріліп, қажетті сот сараптамалары жүргізілді.

Сот күдіктілерді "Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өміріне қастандық жасау" бабы бойынша кінәлі деп танып, 15 және 16 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, олар зардап шеккендерге моральдық шығын ретінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Бұған дейін Куба жағалау күзеті америкалық жүрдек қайыққа оқ жаудырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: