Кишинев әуежайында оқ жаудырған шетелдік құрықталды

Молдова, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2023 21:56 Сурет: freepik
Кишинев қаласындағы әуежайда белгісіз ер адам айналаға оқ жаудырды. Жергілікті полиция мәліметінше, кем дегенде екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Молдова Республикасы ІІМ мәліметінше, қазіргі уақытта оқ жаудырған қаскөй ұсталған. Ол - жаралы.

Құзырлы ведомство атысты ұйымдастырушы әуежайдан елге кіргізілмей қойған шетелдік екенін, оның Түркиядан ұшып келгенін нақтылайды.

БАҚ-тағы мәліметтерге сәйкес, оқиға орнында кем дегенде екі адам оққа ұшқан. 

Оқыс оқиғаға байланысты ғимараттан жолаушылар эвакуацияланып, рейстер уақытынан кешігуге мәжбүр болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: