Жаңалықтар тізбегі
0

Еуроодақ 2035 жылдан бастап іштен жанатын қозғалтқышы бар автокөліктерді шығаруға тыйым салады

Еуроодақ 2035 жылдан бастап іштен жанатын қозғалтқышы бар автокөліктерді шығаруға тыйым салады, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2023 10:28 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Еуропарламент ақыры 2035 жылға қарай күшіне енетін іштен жанатын қозғалтқышы бар автокөліктерді шығаруға толық тыйым салуды мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

СО2 шығарындысын азайту бойынша дауыс беру 14 ақпанда өтті. Депутаттардың басым бөлігі 2035 жылдан бастап дизель және бензин қозғалтқышы бар жеңіл автокөліктер мен фургондарды шығаруға толық тыйым салуды ұсынды. Осы уақытқа дейін бүкіл еуропалық автомобиль өнеркәсібі көмірқышқыл газы шығарындысы болмайтын көліктер шығаруға көшуі керек.

Еуропарламент 2030 жылға қарай іштен жанатын қозғалтқышы бар жеңіл автокөліктер мен фургондар өндірісін қысқартуды мақұлдады. Осы кезеңге шектеулер жеңіл көліктер үшін 55% және фургондар үшін 50% деңгейінде белгіленген.

"Стратегия 2050 жылға қарай климаттың бейтараптығына қол жеткізу үшін өте маңызды. Бұл мақсаттар автомобиль өнеркәсібіне айқындық әкеледі және автомобиль өндірушілері үшін инновациялар мен инвестицияны ынталандырады. Тұтынушылар үшін ноль шығарындысы бар автомобильдерді сатып алу және жүргізу арзанырақ болады және пайдаланылған көліктер нарығы тезірек пайда болады. Бұл тұрақты көлік жүргізуді барлығына қолжетімді етеді".Қоршаған орта, қоғамдық денсаулық және азық-түлік қауіпсіздігі комитетінің мүшесі Ян Хуитема

2022 жылдың қазан айында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қаулы дайындады. Оған сай Қазақстанда электромобильдер кедендік баж бен салықтардан босатылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: