Астананың жаңа Бас жоспары: 2035 жылға қарай елорда халқының саны қанша болады

Астана, город Астана, достопримечательности Астаны, столица Казахстана, пейзаж Астаны, виды Астаны, виды города Астаны, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2026 16:46 Фото: Zakon.kz
Үкімет Астана қаласының Бас жоспарын жаңартты. Құжатта 2035 жылға қарай елорда халқының саны қанша болуы керектігі көрсетілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас жоспарға сәйкес, Астана халқының болжамды саны:

  • 2030 жылға қарай – 1 965 500 адам;
  • 2035 жылға қарай – 2 275 000 адам.

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Астана халқының саны 1 674 699 адамға жеткен.

Халық санының осылай өсуін ескере отырып, Бас жоспарда 2035 жылдың соңына дейін жалпы сыйымдылығы 159 194 орын болатын мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын, яғни 206 балабақша салу көзделген. Сонымен қатар жалпы сыйымдылығы 256 170 орын болатын жалпы білім беретін мектептер салу жоспарланған. Жалпы білім беретін мектептердегі орындарға қажеттілік 2030 жылға қарай 182 423 орынды, ал 2035 жылға қарай 256 170 орынды құрайды.

Бұл ретте, еліміздің оңтүстік астанасы – Алматы қаласының халқы 2026 жылғы маусымдағы жағдай бойынша 2 366 525 адамды құраған.

Астана қаласының Бас жоспарының толық мәтінімен осы жерден танысуға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: