Үкімет 2035 жылға дейінгі гидроэнергетиканы дамыту жоспарын бекітті

Водохранилище, водохранилища, водосбережение, система водосбережения, плотина, плотины, водная инфраструктура, водные ресурсы, дамба, дамбы, вода, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2026 09:05 Фото: primeminister.kz
Президенттің электр энергетикасы саласын әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Үкімет Қазақстан Республикасының гидроэнергетика саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі жоспарын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Құжат еліміздің гидроэнергетикалық әлеуетін игерудің бірыңғай ұзақмерзімді тәсілін қалыптастырады.

Болашақ нысандарды салуға дайындық барысында су ресурстарының қоры, энергия жүйесінің қажеттілігі, техникалық мүмкіндіктер, экологиялық шектеулер және инвестиция тарту шарттары ескеріледі. Жоспар алты негізгі бағыт бойынша 30 іс-шараны қамтиды.

Олардың қатарында су балансын және өзендердің энергетикалық әлеуетін бағалау, жоспарланған нысандардың бірыңғай деректер базасын қалыптастыру, жер телімдерін дайындау, су электр станциялары мен сорғы-жинақтаушы электр станцияларының пулын құру, сондай-ақ саланы кадрлық және ғылыми-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету бар.

Зерттеулер қолайлы алаңдарды таңдауға, болашақ нысандардың параметрлерін айқындауға, сондай-ақ сумен қамтамасыз етуге және қоршаған ортаға әсер етуге байланысты тәуекелдерді алдын ала ескеруге мүмкіндік береді.

Барлық ақпарат мемлекеттік органдар мен әлеуетті инвесторлар үшін бірыңғай дереккөзге айналатын цифрлық платформада жинақталады. Генерациялайтын қуаттарды арттыру аясында 2030 жылдың соңына дейін кемінде 500 МВт жаңа гидроэнергетикалық қуатты іске қосу көзделген. Сонымен қатар сорғы-жинақтаушы электр станциясын салу мәселесіне де назар аударылады.

Жаңа қуаттардың іске қосылуы өңірлерді энергиямен жабдықтау сенімділігін арттырып, Бірыңғай электр энергетикалық жүйенің тұрақтылығын күшейтеді. Алаңдарды таңдау кезінде су балансы мен табиғатты қорғау талаптары ескеріліп, қоршаған ортаға тигізетін әсерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Нәтижесінде Қазақстан гидроэнергетикалық әлеуетті игерудің жүйелі негізін қалыптастырады. Ол су ресурстарын зерттеу мен алаңдарды таңдаудан бастап, мамандар даярлау және нақты нысандарды іске қосуға дейінгі барлық кезеңді қамтиды.

Бұған дейін Алматы тұрғындарына жылу мен ыстық су қарызы үшін есептелген өсімпұлдан құтылу ұсынылғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: