Астанада найзағай ойнап, Алматы мен Шымкентте қатты ыстық болады

Дождь, дожди, осадки, ливень, ливни, зонтик, зонт, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2026 16:08 Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның үш ірі қаласында 2026 жылғы 13, 14 және 15 тамызда қандай ауа райы болатынын айтты. Мамандардың болжамынша, жаңбыр тек Астанада жауады. Ал Алматы мен Шымкент тұрғындары алдағы күндері қатты ыстыққа дайын болуы керек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

13 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз жел екпіні секундына 14 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +29...+31°C болады.

14 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы секундына 9-14 метр болады. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +32...+34°C-қа дейін көтеріледі.

15 тамызда көшпелі бұлтты болады. Күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +32...+34°C болады.

Алматы

13 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +34...+36°C қатты ыстық болады.

14-15 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23...+25°C, күндіз +35...+37°C-қа дейін көтеріледі.

Шымкент

13 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел жылдамдығы секундына 8-13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +38...+40°C қатты ыстық болады.

14-15 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +40...+42°C-қа дейін көтеріледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: