Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сотталған адамдарды беру шарты ратификацияланды
Сурет: gov.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әpi өтеу үшін беру туралы шартты ратификациялау туралы» заңға қол қойды.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әpi өтеу үшін беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript