Акционерлер Илон Маскті сотқа берді
Сурет: wikimedia
Акционерлер 4 жыл бойы жалған ақпарат таратты деген айыппен "Тесла" компаниясын және оның бас директоры Илон Маскті сотқа берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тағылған айып бойынша, кәсіпорын электрлі көліктердің автопилот жүйесінің қауіпсіздігі жөнінде бірнеше жыл қатарынан жалған ақпарат беріп келген екен, деп мәлімдеді "Хабар 24" арнасының тілшісі.
Соның кесірінен жол апаттары жиілеп, адам өлімі мен жарақат алғандар саны артқан.
Ұжымдық арыз жазғандар Илон Маск пен оның компаниясынан өтемақы талап етіп отыр.
Бұған дейін АҚШ-тың Жол қозғалысының қауіпсіздігіне жауапты ұлттық басқармасы "Тесланы" 360 мыңнан астам электр көлігін кері қайтаруға мәжбүрлеген болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript