Twitter-дің инвесторлары Илон Маскты сотқа берді
Айыптаушы тарап 14 наурызға дейін Twitter акцияларының 5%-дан астамын сатып алғаны туралы ешкімге айтпаған Маск 14 миллион доллар үнемдегенін дәлелдегісі келеді, деп хабарлайды CNBC.
Талапкерлер мәміле туралы хабарланғаннан бері Twitter акциялары 12%-ға, ал Tesla акциялары 28% - ға төмендегенін айтады. Салдарынан акция иелері өздерінің әлеуетті кірістерінің 40%-ын жоғалтты. Маскті Twitter акцияларын сатып алғаны туралы мәліметті әдейі жасырды деп айыптайды: сәуір айының басында ол компанияның 9,2% акциясына ие болды, осылайша ол 150 миллион доллардан астам ақшасын "үнемдеді".
Талапкерлер нарыққа манипуляция жасау Калифорнияның корпоративтік заңнамасын бұзу болып табылатынын атап өтті.
Инвесторлар Маск өз іс-әрекеттері кезінде компания директорларының құпия ақпаратын негізге алғанына сенімді. Желінің негізін қалаушы Джек Дорси мен Директорлар кеңесінің бір мүшесі Эгон Дурбан инсайдерлік мәліметтерді жария етті деп айыпталады. Осыған байланысты акционерлер Дурбанның өкілеттігін ары қарай ұзартпауды қолдап, дауыс берді, ал Дорси өз еркімен компаниядан кететінін мәлімдеді.
Талап қоюшылар соттан Маскты өздеріне сомасы ашып айтылмаған шығындарды өтеуге, сондай-ақ айыппұл төлеуге міндеттеуді талап етті. Сонымен қатар, АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы Масктың Twitter акцияларын сатып алғаны туралы мәліметтерді уақтылы жарияламай, жасырын ұстау фактісі бойынша тергеу жүргізеді.