Twitter-дің директорлар кеңесі компанияны Илон Маскқа сатуға ниетті – БАҚ
TechCrunch дереккөздерге сілтеме жасай отырып, компанияның бұл мәселені талқылау туралы шешімі Масктың ұсынысты қабылдайтынын білдірмейді деп жазады. Келіссөздер барысында компанияның бір акциясы 54,20 долларға бағаланғаны айтылады.
Алайда, бұл Twitter қазір өз компаниясын Маскқа тартымды шарттармен сату мүмкіндігін зерделеп жатқанын білдіреді.
Компания сатылым туралы 25 сәуірде акционерлер үшін тиісті ұсынымдарды мақұлдағаннан кейін директорлар кеңесінде жариялауы мүмкін, - дейді басылымға пікір білдіруші. Дегенмен, соңғы минутта осының бәрі құрдымға да кетуі мүмкін, - дейді олар.
Сәуір айының басында Маск Twitter-дің 9,2% акциясын сатып алғаны белгілі болды, ол әлеуметтік желінің ең ірі акционерлерінің бірі болып табылады. Көп ұзамай Tesla-ның негізін қалаушы Twitter акциясын 54,2 доллардан немесе бүкіл компанияны 43 миллиард долларға толығымен сатып алуды ұсынды.