Жаңалықтар тізбегі
0

Путин шенеуніктерге және ресми құжаттарда шет тіліндегі сөздерді қолдануға тыйым салды

Ресей федерациясының тіл туралы заңы, орыс тілі, шет тіліндегі сөздер, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2023 14:58 Сурет: kremlin.ru
Ресей президенті Владимир Путин шенеуніктердің сөзінде және ресми құжаттарда шетелдік сөздерді қолдануға тыйым салатын заңға қол қойды. Орыс тілінде баламасы жоқ сөздер ғана сол күйі қолданылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ресей Федерациясының мемлекеттік тілі туралы" заңына осындай түзету енгізілді. Заң авторларының пікірінше, бұл орыс тілін кірме сөздерден қорғауға септігін тигізеді. 

Баламасы жоқ шетел сөздерінің тізімі арнайы сөздіктерде беріледі. Сөздіктер мен анықтамалықтарды орыс тілі жөніндегі комиссияның ұсынысы негізінде үкімет бекітеді.

Міндетті түрде орыс тілі қолданылуы тиіс салаларға мыналар жатады:
  • барлық меншік нысанындағы ұйымдардың ресейліктермен ресми қарым-қатынастары мен ресми хат-хабарлары;
  • жеделхат жөнелтушілер мен алушылардың мекенжайын рәсімдеу;
  • мемлекеттік және муниципалды ақпараттық жүйелер;
  • тауар тұтынушыларға арналған ақпарат.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: