Дубайда әлемдік гран-при сериясында ядро лақтырудан сынға түскен спортшымыз алтын медаль жеңіп алды

Пара жеңіл атлетика, ядро лақтыру, пара спортшы, Дубай, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2023 12:39 Сурет: Ұлттық паралимпида комитеті
Қазақстандық Равиль Мансурбаев Дубайда өткен Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясында F-46 классында ядро лақтырудан жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Равиль Мансурбаев ядроны 14,43 метрге лақтырып, бірінші орыннан көрінді. Ал қытайлық қарсыласы Уей Енлонг 14,28 м нәтижесімен екінші орынды иеленсе, 13,39 м нәтижесімен кувейттік спортшы Алсалах Абдуллах үшінші орынға тұрақтады.

Жарыста қазақстандық спортшылар осымен 3-медальді иеленді.

Бұдан бұрын, найза лақтырудан Руфат Хабибуллин алтын медальді жеңіп алса, ядро латқытрудан Дастан Мукашбеков Гран-придің күміс жүлдегері атанған еді.

Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясы Дубай қаласында 26 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтті. Жарысқа әлемнің 61 мемлекетінен 545 спортшы қатысты.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: