Жаңалықтар тізбегі
0

Қазанда Мұхтар Әуезовтің шығармалары татар тілінде жарық көрді

Қазанда Мұхтар Әуезовтің шығармалары татар тілінде жарық көрді, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2023 16:28 Сурет: ҚР Қазандағы бас елшілігі
Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай шығарылған жинаққа «Көксерек», «Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман» атты үш шығармасы енген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұхтар Әуезов ХХ ғасырдың кәсіби өнері мен әдебиетінің қалыптасуының қиын жылдарында бүкіл саналы ғұмырын халқына қызмет етуге арнаған, демократиялық әдебиет пен прогресшіл ойдың дамуына үлес қосқан, Татарстанның белгілі жазушыларымен тығыз байланыста болған.

Қазақ классигі шығармаларының татар тіліне аударылған кітабының таралымы - 100 дана. Алдағы уақытта кітап Қазан қаласының және Татарстанның басқа облыстарының музей, мұрағат және көрме қорларына беріледі.

Татарстан Республикасының Ұлттық кітапханасында қазақтың көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезовтің татар тіліндегі кітабының жарық көруіне арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясын ашқан Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов бұл кітаптың тарихи мұраны сақтау және елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық, тарихи-мәдени қарым-қатынасты дамыту мақсатында шығарылғанын айтты. 

Шараға өзінің 80 жылдық мерейтойын тойлап отқан классиктің ұлы Мұрат Әуезов қатысты. Белгілі мәдениеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері әкесінің өмірі мен қызметі, татар мәдениетінің көрнекті өкілдерімен достығы, педагог, публицист, ағартушы, қазақ мәдениетінің үш көрнекті өкілі Біләл Сүлеев, Ілияс Жансүгіров және Мұхтар Әуезовтің жары болған анасы Фатима Ғабитова туралы айтты. Мұрат Әуезов әкесінің шығармаларын өзге тілде түсіну қиын екенін айта келе, олардың татар тіліне тамаша аударылғанына ризалығын білдірді.

Кітапты татар тіліне аударған Қазан федералды университетінің Филология және мәдениетаралық коммуникациялар институтының доценті Гүлфия Гайнуллина аталған үш шығарманың кездейсоқ таңдалмағанын айтты. Себебі 1968 жылы «Қараш-қараш оқиғасы», 1973 жылы «Көксерек» фильмдері түсірілді.

Филология ғылымдарының докторы, профессор, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Хатип Миннегулов қазақ және татар халықтарының ежелден келе жатқан және тығыз мәдени байланыстары туралы айтты. Ол ХХ ғасырдың басында Мұхтар Әуезов оқыған Семейде халықтың жартысы татарлар болғанын, қазақ әдебиетінің болашақ кемеңгер тұлғасының қалыптасуына татар мәдениетінің ықпал еткенін еске алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: