Президент Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Атадағы музей-үйіне барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев музей-үйде Мұхтар Әуезовтің бюстін ашты және құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Атадағы үйі 1959 жылы салынған. Қазақтың ұлы жазушысы бұл үйде 1959-1961 жылдары тұрып, жұмыс істеген.
Сонымен қатар автор өзінің «Өскен өркен» атты соңғы романын осы үйде жазуды бастаған. Бірақ аяқтап үлгермеді.

Сурет: БОРТ N1
1970 жылы қыркүйекте мұнда Мұхтар Әуезовтің кітапхана-музейінің ресми ашылу рәсімі өтті.
Қазір музейде жазушының жеке заттары: үстел, орындықтар, тербелмелі кресло, үстел сағаты, киім ілгіш, кітап шкафы, кітаптар сақталған.

Сурет: БОРТ N1
Жазушының қызы Ләйлә Мұхтарқызының бастамасымен кітапханаға алғашқы 5000 дана кітап жиналды. Қазір кітапханадағы кітап қоры – шамамен 12000. Кітапхана-музейде семинарлар, оқу конференциялары, кездесулер өткізіліп тұрады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript