Қазақстан азаматы Balenciaga брендінің сән көрсетіліміне қатысты
Сурет: Instagram/yokirashi.k
18 жастағы Рахат Көшкінбаев алғаш рет Парижде өткен испандық бренд шоуына модель болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Рахат Көшкінбаев Париждегі сән апталығында өткен Balenciaga испан брендінің киімдері мен аксессуарларының сән көрсетіліміне қатысты.
"Мен Balenciaga көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақ екенімді мақтан етемін", - деп жазды Көшкінбаев Instagram-дағы парақшасында.
6 наурызда Көшкінбаев тікелей эфирде сән апталығындағы жұмысының егжей-тегжейін айтып берді. Оның айтуынша, модель әлі қаламақы алмаған бірақ жоғары төлемнен үмітті. Сонымен қатар Қазақстан азаматына бренд подиумда өткен образды беру ықтималдығы жоғары.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript