Еурокомиссия басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді
Сурет: Twitter/Ursula von der Leyen
Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко биыл елімізге Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен жұмыс сапарымен келетінін, бұл Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастың орнағанының 30 жылдығын тойлайтын кезде символикалы екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Роман Василенко қараша айында маңызды шикізатты жеткізуді әртараптандыру қажет екеніне тап болған Еуропалық Одақтың бастамасымен премьер-министр Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен "Қазақстан мен ЕО өнеркәсіптік альянстары арасындағы қаржы және технологиялық ынтымақтастықты орнату" меморандумына қол қойғанын айтты. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында бөлісті.
"Осы жоғары динамиканың жалғасы ретінде біз биыл Еуропалық Комиссияның төрағасы Урсула фон дер Лейен келеді деп күтеміз. Бұл Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынастың 30 жылдығына өте символикалы кездесу болмақ".Роман Василенко
Ол сонымен қатар Сыртқы істер министрлігі Қазақстан мен Еуропа арасындағы виза режимін жеңілдетуге ұмтылып отырғанын айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript