Гимнасшы қызымыз Елжана Таниева Испаниядағы Гран-придің қола жүлдегері атанды
![Көркем гимнастика, Испания, гимнасшы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2023 10:39](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-5dfd267f-8a3a-4b71-ac90-3646a8c7739b/800x450.webp)
Қазақстандық спортшы Елжана Таниева Испанияның Марбелья қаласында көркем гимнастикадан өткен Гран-при жарысында үздік үштікке енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елжана Таниева доп жаттығуының финалында 32.900 ұпаймен үшінші орын алды.
Бірінші және екінші орынды Болгариядан келген спортшы қыздар иеленді: Стиляна Николова (35.700), Ева Брезалиева (33.600).
Осы Гран-придің басқа түрлерінен Елжана Таниева ең мықты 8 гимнасшының қатарына енді: құрсаумен (6 орын) және ұршықпен (7 орын).
26 ақпанда Таниева 2023 жылы Эстонияда өткен Гран-при турнирінде күміс жүлдегер атанды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript