Якутия тұрғыны Қазақстанға мамонттың 53 азуын әкелді

Якутия тұрғыны Қазақстанға мамонттың 53 азуын әкелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 16:56 Сурет: pixabay
Якутия тұрғыны жалпы құны 46,5 миллион теңгеге жуық тұратын 53 дана мамонт азуын Қазақстанға заңсыз алып кеткен. Бұл фактіні Ресей Федерациясының Қиыр Шығыс жедел кеденінің қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеушілердің анықтауынша, ресейлік азамат палеонтологиялық нысандарды заңсыз экспорттау арнасын ашқан. Ол Саха (Якутия) аумағында мамонт азуларын алып, содан кейін оларды Қазақстанға жіберген.

Ол мамонт азуларының мәдени құндылық екенін және оларды Ресейден шығару үшін РФ Мәдениет министрлігі аккредиттелген сарапшының қорытындысын қажет ететінін білген. Мұндай құжаттарды алу үшін ол Ресейдің Мәдениет министрлігіне бірнеше рет жүгінген, бірақ оның өтініші қабылданбаған.

"Содан кейін ер адам тиісті аккредитациясы жоқ сарапшыға жүгініп, экспорттық сертификат алған. Осылайша ол өнімге заңды түр беріп, бақылаушы органдарды жаңылыстыруға әрекеттенген".Қиыр Шығыс жедел кеденінің баспасөз қызметі

Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі сараптама жүргізіп, экспортталатын мамонт азу тістері сирек кездесетінін және палеонтологияны қызықтыратын мәліметтерді қамтитынын анықтады. 53 азу мәдени құндылықтарға жатқызылса, оның екеуінің ғылыми маңызы ерекше.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: