Ақтөбе тұрғыны бүкіл дүние мүлкін сатып, 53 миллион теңгесін алаяқтарға берген

Ақтөбеде алаяқтар әйелдің 53 миллион теңгеден астам ақшасын алдап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық полиция 11 ақпанда хабарлағандай, жәбірленушіге WhatsApp желісінде ер адам телефон соғып, өзін "Болашақ" бағдарламасының президентімін деп таныстырған.
"Қоңырау шалушы оның алаяқтық әрекеттері бар-жоғы тексерілетін адамдардың тізімінде екенін және ҰҚК қызметкерімен сөйлесу керектігін айтқан. Артынша "ҰҚК қызметкері" телефон соғып, оның аккаунтын пайдаланып белгісіз біреулер алаяқтық әрекеттерге бармақ болып жатқанын, оның алдын алу үшін барлық әрекеттерді оның қызметкерінің нұсқауы бойынша орындау керектігін айтады. Осылайша, сенімге қиянат жасаған қылмыскерлер жәбірленушіні екі пәтер мен бір автокөлікті сатуға мәжбүрлеген. Ол 53 миллион теңгені алаяқтардың шотына аударған", – деп хабарлады ПД.
Полиция адамдарды қырағы болуға және күдікті қоңырауларға сенбеуге, жеке мәліметтерді жарияламауға және алаяқтық фактілері туралы дереу полицияға хабарлауға шақырады.
Тек жыл басынан бері Ақтөбе облысында 108 интернет-алаяқтық дерегі тіркелген.
Ал Ақмола облысында жалған банк қызметкерлері бір күнде төрт адамнан 6 миллион теңге бопсалаған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript