Қарағандыда немересі әжесінің 7 миллион теңгесін ұрлап кеткен

Қарағанды, ұрлық, немере, әже, жинақ ақша, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2023 12:35 Сурет: pixabay
Қарағандының 23 жастағы тұрғыны әжесінің 7 миллион теңгеден астам ақшасын ұрлағанын мойындады. Енді ол түрмеге қамалуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі 3 қазанда мәлімдеуінше, полицияға 61 жастағы зейнеткер арызданған. Ол пәтерінен 7 миллион 180 мың теңгесі ұрланғанын хабарлаған.

Оқиға орнын тексерген полицейлер есік бұзылмағанын, барлық зат орнында тұрғанын, яғни ұры қарт әйелдің ақшаны қайда сақтайтынан жақсы білетін адамдардың бірі екенін анықтады. Бұл күдіктілер шеңберін жылдам қысқартуға мүмкіндік берді. Көп ұзамай полицейлер ұрлық жасады деген күдікпен жәбірленушінің 23 жастағы немересін ұстады.

Жас жігіт қылмысын мойындады. Одан ұрланған ақша тәркіленді. Қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабын бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, күдікті бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: