Тбилисиде шерушілер Еуроодақтың туын жағып жіберді
Сурет: pixabay
"Консервативтік қозғалыс" және Alt-Info радикалды топтарының мүшелері "Батыстың ықпалына қарсы" шеруге шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тбилисидің орталығында "Консервативтік қозғалыс" партиясы мен Alt-Info қозғалысының жақтастары "Батыс елдерінің ықпалына" қарсылық танытып шеруге шығып, шетелдік агенттер туралы заңға қарсы наразылық акциясына қатысушыларды сынға алды, деп жазды EADaily.
Наразылық білдірушілер Грузияға шетелдің ықпал етуіне қарсылық танытып, отбасылық құндылықтар мен елдегі тұрақтылықты қолдап шеруге шықты.
"Батыс – біздің үйіміз емес, таңдауымыз емес. Біздің таңдауымыз – Грузия, біздің өткеніміз, бүгініміз және болашағымыз Грузияда". "Консервативтік қозғалыс" жетекшілерінің бірі Шота Мартыненко
Шерушілер Еуроодақтың туын жұлып алып, таптап, өртеп жіберді.
В Тбилиси проходит антизападная акция протеста представителей пророссийской платформы "Альт-Инфо" и партии "Консервативное движение".
— Актуальная Россия (@RussiaActually) March 14, 2023
Протестующие сорвали флаг Евросоюза, растоптали и сожгли его. pic.twitter.com/5rNgiaRTp9
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript