Францияда шерушілер полицейді өртеп жіберді
Сурет: pixabay
Парижде көшеге шыққан ереуілшілер құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне бензин құйылған бөтелке лақтырған, салдарынан бір офицерді күйік шалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ал полицейлер ашуға булыққан топтың бұл әрекетіне қарсы көз жасаурататын газ қолданды, деп мәлімдеді "Хабар24" арнасы.
Францияда болып жатқан жаппай тәртіпсіздіктер бірнеше қалада тіркелді. Наразылар автокөліктерді өртеп, аялдамаларды қиратты.
Мұның бәріне зейнетақы жасының 62-ден 64-ке ұлғайтуға бағытталған реформа себеп болды.
25 сәуір күні Францияда зейнетақы реформасына наразы электршілер Канн фестивалін болдырмай тастаймыз деп сес көрсетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript