Жаңалықтар тізбегі
0

Рудныйда ер адам көршісіне керосин шашып, оны баласымен қоса өртеп жіберді

Қостанай, Рудный, керосин, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2022 11:11 Сурет: pixabay
Қостанай облысында жан түршігерлік оқиға болды. Ер адам көршісіне керосин шашып, от қойған. Салдарынан әйелді және оның баласын күйік шалды. Күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
16 наурызда Рудный полиция басқармасының кезекші бөліміне 44 жастағы ер адам көршісінің есігін қаққандығы туралы хабарлама түсті. Ол есікті ашқан 32 жастағы әйелдің үстіне керосин шашып, от қойған. Әйелдің жанында баласы болған.Қостанай облысының полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков

Осы факті бойынша полицейлер «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Күдікті қамауға алынды.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу барысын жеке бақылауыма алдым. Бала ауыр күйікпен реанимацияда жатыр – 40 пайыз. Әйелдің қолы күйген. Ерлан Омарбеков

Ведомство басшысы бұл әрекетке көршілер арасындағы жанжал себеп болғанын айтты.

Шынымды айтсам, көп жыл ішкі істер органдарында қызмет атқарып, түрлі жайттарға куә болдым. Бірақ мұндайды ешқашан көрген емеспін.Қостанай облысының полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: