Жаңалықтар тізбегі
0

Сенат Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялады

Сенат Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялады, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 17:07 Сурет: gov.kz
Шартта жергілікті жерде шекаралық белгілермен ұзындығы 2356. 666 шақырым болатын мемлекеттік шекараның таңбаланған сызығын белгілеу көзделген. Осылайша шекара 5 шақырымға ұзарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) 2022 жылғы 22 желтоқсанда Ташкент қаласында қол қойылған.

Шарттың басты мақсаты - Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара сызығын шегендеудің құқықтық негіздерін халықаралық-құқықтық бекіту.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың сөзінше, кейінгі 19 жылда демаркациялау кезінде екі жақтың жергілікті тұрғындарының мүддесі ескеріле отырып, шекараны күзетудегі қолайлылық мүддесі, Ұлттық Қарулы Күштердің шекара қызметі үшін мемлекеттік шекара сызығы жергілікті жерде нақтыланды.

"Бұл іс жүзінде нені білдірді? Бұл - былайша айтқанда біздің шекарамыз 5 шақырымға ұзарды деген сөз. Бұл азаматтарымызға барынша қолайлылық жасау мақсатында жасалды. Делимитациялау кезінде картада шекара сызығы сызылып, сол жерде өзен арнасы өзгерді. Бізді Өзбекстаннан бөлдік деп айтпаймын, бізді екі өзен – Сырдария мен Келес біріктіріп тұр. Арна өзгеріп жатыр, аллювийлі аралдар өзгеріп жатыр. Шекара дәстүрлі түрде өзен форматына сай сызылады. Шекара ұзындығының өзгеруі былтырғы 22 желтоқсанында қол қойылған шекараны демаркациялау туралы кейінгі келісімге байланысты".Роман Василенко

Шартқа сәйкес Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасының бастапқы нүктесі Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі болады, ал шекара сызығының соңғы нүктесі Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан шекараларының түйісу нүктесі болады.

Шартта жергілікті жерде шекаралық белгілермен ұзындығы 2356.666 км болатын мемлекеттік шекараның таңбаланған сызығын белгілеу көзделген. Бұл ретте мемлекеттік шекара сызығының өтуі, шекаралық белгілердің орналасқан жері, олардың геодезиялық координаттары, биіктік белгілері және әрбір шекаралық белгінің басқа да деректері Шартқа қосымшаларда берілген және көрсетілген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: