SIGI индексі Қазақстанды кемсіту деңгейі төмен ел ретінде бағалады
Сурет: Zakon.kz
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Әлеуметтік институттар мен гендерлік индекстің (SIGI) 5-басылымын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
SIGI индексі бойынша Қазақстан кемсіту деңгейі төмен ел ретінде бағаланды (22%). 2019 жылы да рейтинг 22% болған еді.
"2023 жылы SIGI индексінің "Отбасындағы кемсіту деңгейі" субиндексі бойынша Қазақстанның позициясы 15%-ға (2019 жылы – 22%) айтарлықтай жақсарған. Сарапшы мамандардың айтуынша, бұл - жақсы көрсеткіш. Себебі Орталық Азия бойынша орташа көрсеткіш 22% болып отыр", - делінген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарламасында.
Жалпы зерттеуге барлығы 179 ел қатысқан.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript