Финляндияның НАТО-ға кіретін күні белгілі болды

Финляндия, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2023 23:42 Сурет: pixabay
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Финляндияның 4 сәуірде НАТО-ға кіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол альянс сайтындағы тікелей эфирде айтты.

"Финляндия альянсқа 4 сәуірде кіреді. Ел туы НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтерінде көтеріледі", - деді Столтенберг.

Финляндия мен Швеция Украинадағы соғыс басталғаннан кейін НАТО-ға кіруге өтініш берген. 

Айта кетейік, Түркия альянстағы 30 мүшенің ішінде Финляндияның мүшелігін мақұлдаған соңғы ел болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: