НАТО-ға мүше 30 елдің 28-і Швеция мен Финляндияның ұйымға кіруін ратификациялады

НАТО, Финляндия, Швеция, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2022 17:21 Сурет: pixabay
Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссонн 20 қазанда альянстың бас хатшысы Йенс Столтенбергпен бірлескен баспасөз мәслихатында альянсқа мүше 30 елдің 28-і Швеция мен Финляндияның НАТО-ға қосылуын ратификациялағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Йенс Столтенберг Швеция мен Финляндияға қысым жасалса, оларға қолдау көрсетуге уәде берді.

НАТО-ның парламенттік ассамблеясы сайтының жазуынша, тек екі ел: Венгрия мен Түркия ратификацияламаған.

5 шілдеде Финляндия мен Швецияның сыртқы істер министрлері НАТО-ға кіру туралы хаттамаларға қол қойды.

НАТО-ға Албания, Бельгия, Болгария, Венгрия, Германия, Грекия, Дания, Исландия, Испания, Италия, Канада, Латвия, Литва, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Солтүстік Македония, Словакия, Словения, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландияның біріккен корольдігі, АҚШ, Түркия, Франция, Хорватия, Черногория, Чехия, Эстония мүше.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: