Жаңалықтар тізбегі
0

НАТО одақтастарға арналған «қорғаныс жоспарын» іске қосады

Украина, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2022 23:04 Сурет: Instagram/NATO
НАТО елдері альянстың қорғаныс жөніндегі жоспарларын іске қосу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАҚ-тарға арналған брифингі НАТО сайтынан трансляцияланды.

Бүгін Солтүстік Атлант кеңесі біздің қорғаныс бойынша жоспарымызды іске қосуды ұйғарды... Бұл қадам дағдарыс кезінде біздің халқымызды қорғау үшін жасалып отыр. НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг

Оның айтуынша, Ресей Украинадағы жағдайды саяси тұрғыда шешу жолдарын жауып тастаған болуы мүмкін. Солтүстік Атлантикалық одақ Ресей Федерациясын әскерлерін кері қайтарып алуға шақырады.

НАТО барлық серіктестерін, атап айтқанда Балтық пен Шығыс Еуропаны қорғауға бағытталған қорғаныс жоспарын іске қосады. Ол арада қалай әрекет етудің нақты нұсқаулары бар.

Бас хатшы отырыста ресейлік кемелердің қозғалысын шектеу үшін Түркияның Босфор мен Дарданелл бұғаздарын жабу мәселесі талқыланбағанын айтты.

Столтенберг НАТО-ның Украинада әскери жоқ екенін баса айтты. Блок әскері альянстың шығыс шекараларында ғана орналасқан.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: