Жаңалықтар тізбегі
0

Әлемдегі ең қауіпті жанартаулардың бірі – Невадо-дель-Руис оянды

Невадо-дель-Руис, жанартау, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2023 09:33 Сурет: pixabay
Колумбияда Невадо-дель-Руис жанартауының оянуына байланысты қауіпті ескертудің қызғылт сары деңгейі жарияланды. Жанартау маңайында 180 жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Невадо-дель-Руистің сейсмикалық қаупі жанартаудың оңтүстік-батыс секторында 2-ден 4 км-ге дейін және кратерден 1,7-ден 6 км-ге дейінгі қашықтыққа таралды.

Бұл вулкан арналары ішіндегі сұйықтықтардың қозғалысына байланысты. Бірнеше рет күл атқылады, бұл жанартауды бақылауға қолданылатын веб-камералар арқылы расталды.  Elespectador басылымының хабарлауынша, қызғылт сары деңгейдегі ұаіп алдыңғы күндермен салыстырғанда өзгеріп,  төмендеуі мүмкін, бірақ бұл оның белсенділіктің төменгі деңгейіне жетті деген сөз емес.

Колумбия геологиялық қызметінің (SGC) сарапшыларының мәлімдеуінше, қауіп деңгейі өзгеріп, сары спектрге оралуы үшін уақыт қажет. Сондықтан Невадо-дель-Руистің қауіп деңгейі бірнеше апта бойы қызғылт сары болып тұрмақ.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: