Ресейде әскерге шақыру үшін электронды шақыртулар енгізіліп жатыр

Ресей, әскери қызметкер, әскер, электронды шақырту, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2023 17:33 Сурет: pixabay
Мемлекеттік Думаның Қорғаныс комитетінің басшысы Андрей Картаполов әскери қызметшілерге электронды шақыру қағаздарын тапсыру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спикердің айтуынша, шақыру қағазы әскери міндеттілердің "Мемлекеттік қызметтер" порталындағы жеке кабинетінде орналастырылған сәттен бастап алынған болып есептеледі.

Парламентарий электронды шақыру қағаздары хабарлаудың дәстүрлі тәсілдерін – қағаз шақыру қағаздарын қол қою арқылы немесе жұмыс беруші арқылы табыстауға пара-пар екенін нақтылады. Сонымен қатар әскери қызметшілер ондай шақыртуды көпфункционалды орталықтардан ала алады.

Құжатқа сәйкес, шақырту алған әскери қызметшілер бұл туралы екі апта ішінде әскери комиссариатқа жеке хабарлауға міндетті болады.

Әскерге шақыруға жататын және шақыру қағазын алмағандар әскери есепке алу деректерін салыстыру үшін әскери комиссариатқа баруы керек.

Бұл үшін оларға келесі шақыру кезеңі басталған күннен бастап екі апта беріледі. Әскерден жалтарғандарға жаза қарастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: