Қазақстан мен Қырғызстан өзара құқықтық көмек көрсететін құзыретті органды анықтады
Сурет: gov.kz
Қазақстан мен Қырғызстан азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетумен айналысатын құзыретті органды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін мәжілісте 1996 жылғы 26 тамыздағы Қырғызстанмен азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификацияланды.
Хаттамаға 2022 жылдың 26 мамырында қол қойылды.
Оның мақсаты – шетелдік соттардың шешімдері мен өтінішхаттарын орындау саласында құқықтық көмек көрсету бойынша сот органдарының функцияларын нақтылау, сондай-ақ екі тараптың құзыретті мекемелерін өзгерту.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript