"Бұл сендердің соғыстарың емес" – Сыртқы істер министрлігі "Вагнермен" соғысқа барған қазақ жігіті туралы
Ол бұл бірлестікке кірген қазақстандықтар елімізде 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын ескертті.
"Қазақстанда бұл қылмыстық құқық бұзушылық болып саналады. Соғыста олар ойлағандай романтика жоқ. Айтайын дегенім, жігіттер, бұл сендердің соғыстарың емес. Сақ болыңдар, туыстарыңды, жақындарыңды ойлаңдар. Барлығы ересектер, бұл жігіт те ересек адам. Ол өз бетінше шешім қабылдады. Өкінішті, әрине. Ата-анасымен байланыстамыз, Ресей Федерациясының құзырлы органдарына барлық тиісті сауалды жолдадық. Ақпаратты тексеріп жатырмыз. Біз толық көмек көрсетеміз. Бірақ ол Қазақстанға қайтып келгеннен кейін жауапқа тартылатынын ескертемін", - деді Айбек Смадиров.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Қазақстанның азматын ешкім видеохабарлама жазуға мәжбүрлемеген деп есептейді.
"Оны видеоға түсіруге мәжбүрледі деген ақпарат болды. Бұл рас па, жоқ па, пікір білдіре алмаймын. Оның анасымен кездескені (оны мәжбүрлемегенін меңзейді. – ред.) Егер оны мәжбүрлеген болса, видеоүндеу болмас еді". Айбек Смадияров
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Томск мемлекеттік университетінің қазақстандық студентінің ұрланғаны туралы ақпарат пайда болған. Басылымдар оны өз еркіне қарсы "Вагнер" жеке әскери компаниясына қосылуға мәжбүрлегені айтылған. Кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл қазақстандық келісімшартқа өз еркімен қол қойғанын хабарлады.
Ашық дереккөздерден алынған ақпаратқа сәйкес, "Вагнер" ЖӘК – ресейлік кәсіпкер Евгений Пригожин құрған және басқаратын, құқықтық мәртебесі түсініксіз ресейлік мемлекеттік емес қарулы топ (жеке әскери компания, ПМК). Бірқатар елдерде ол террористік ұйым мәртебесіне ие.