Ердоған денсаулығына қатысты жайсыз жағдайдан кейін көп алдында алғаш рет төбе көрсетті

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2023 22:41 Сурет: pixabay
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған денсаулығына қатысты жағымсыз жаңалықтан кейін алғаш рет көп алдында төбе көрсетті. Түркия көшбасшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен видеоконференцияға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркия мен Ресей президенттері Түркияның "Аққуым" АЭС № 1 энергоблогына ресейлік өндірістегі отынның жеткізілуіне арналған салтанатты рәсімге қатысты, делінген РФ Президентінің ресми сайтында.


Сондай-ақ TRT Haber телеарнасының Twitter-дегі ресми аккаунтында да түрік көшбасшысының суреттері жарияланды.

"Президент Ердоған Ресей Президенті Путинмен телефон арқылы сөйлесті", делінген телеарнаның хабарламасында. 


Айта кетсек, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған тікелей эфирде сұқбат беріп жатып, кадрдан тыс үнсіз қалады, артынан жөтелген дауысы шығады. Ал жүргізуші орнынан тұрып кетеді.


Кейін түрік басшысы ол кезде тұмауға байланысты өзін жайсыз сезінгенін жеткізді. Сондай-ақ, ол денсаулығына байланысты Қырыққала, Сивас және Йозгаттағы сайлауалды шараларға қатыса алмайтынын айтты. Кейінірек желіде Түркия Президентінің миокард инфаркт алғаны туралы қауесет тарады. Алайда Түркияның ресми билігі бұл дақпыртты жоққа шығарды.

Айта кетсек, Түркияда 2023 жылы 14 мамырда президент сайлауы өтеді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: