Киев Кремльге жасалған дрондар шабуылына қатысты жоқ екенін мәлімдеді
Сурет: pixabay
Украина Президенті Владимир Зеленскийдің баспасөз хатшысы Кремльге жасалған дрондардың шабуылына Киевтің қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Киевтің дрондардың Кремльге түнгі шабуылына ешқандай қатысы жоқ. Бұл туралы Украина Президентінің баспасөз хатшысы Сергей Никифоров мәлімдеді, деп хабарлайды РБК.
"Бізде Кремльге түнгі шабуылдар деп аталатын жайтқа қатысты мәлімет жоқ, бірақ Президент Зеленский бірнеше рет мәлімдеп өткендей, Украина барлық қолда бар күштер мен құралдарды өз территориясын босатуға бағыттайды, яғни өзгеге шабуыл жасауға емес". Сергей Никифоров
Бұған дейін БАҚ-тарда дрондардың Кремльге соққы жасамақ болған сәтінің видеосы жарияланған болатын. Ресей билігі бұған қатысты Украинаға айып таққан еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript