Францияда зейнетақы мәселесі бойынша референдум өткізу жөніндегі өтініш тағы қабылданбады

Франция, зейнетақы реформасы, солшыл партия, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2023 10:53 Сурет: pixabay
Францияның Конституциялық кеңесі (КК) зейнеткерлік жасты 62 жасқа дейін шектеу мәселесі бойынша референдум өткізу туралы қайталама өтінішті қабылдамады, деп хабарлайды Zakon.kz.

BFM телеарнасының мәлімдеуінше, ұсынысты солшыл партияның өкілдері әзірлеген. Олардың бірінші өтініші де 14 сәуірде қабылданбаған еді.

Дегенмен, партия мүшелері берілер емес, заң жобасы 8 маусымда қаралады.

Солшыл партия өкілдері Францияда сәуір айының ортасында қабылданған зейнет жасын 62-ден 64-ке көтеру туралы заңның күшін жоюды талап етіп отыр. Ол заң осы жылдың күзінде күшіне енуі керек.

Соған байланысты елде наразылық шерулері өтіп жатыр, 1 мамырда зейнетақы реформасына қарсы митинг кезінде полиция қызметкерлері жарақат алды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: