Жаңалықтар тізбегі
0

Оқ-дәрі қоймалары отқа оранған Ресей өңірінде ТЖ режимі енгізілді

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2023 10:04 Сурет: pixabay
Ресейдің Свердлов облысының Реж қаласында жетінші мамырға қараған түні жергілікті оқ-дәрі қоймасында алапат өрт болып, төтенше жағдай режимі енгізілді. Тұрғындар эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресейлік БАҚ-тардың хабарлауынша, өрт алтыншы мамырда басталған. Бастапқыда өрт жақын маңдағы орманнан шыққан делінді. Кейінірек өрт оқ-дәрі қоймаларынан орманға қарай ұласқаны белгілі болды.

Қызыл жалын ауданы 960 шаршы метр болатын екі қойманың түгін қалдырмады. Тағы үш нысанды аман алып қалу мүмкін болды. Бұл маңда барлығы 20 оқ-дәрі қоймасы бар. Олар снарядтарды кәдеге жарату және өнеркәсіптік жарылғыш заттарды өндіру кәсіпорнына тиесілі. БАҚ мәліметтері бойынша, олардың әрқайсысында 20 тоннаға дейін оқ-дәрі сақтаулы болуы мүмкін.

Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен кейін жергілікті тұрғындар қауіпті аймақтан эвакуациялана бастады. ТЖМ қызметкерлері 15 үйді эвакуациялауға шешім қабылданғаны туралы хабарлады, бұл шамамен 400 адам. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әлі мәлімет жоқ.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: