Жаңалықтар тізбегі
0

Әшімбаев Тоқаевтың Қытайға сапарына қатысты пікір білдірді

Әшімбаев Тоқаевтың Қытайға сапарына қатысты пікір білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2023 14:10 Сурет: akorda.kz
Сенаттың жалпы отырысында спикер Мәулен Әшімбаев мемлекет басшысының Қытайға сапары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәулен Әшімбаев біздің және Қытай экономикасының ауқымын салыстыру өте қиын екенін атап өтті. Оның сөзінше, Қытай – бүгінде үлкен экономикалық әлеуеті мен мүмкіндіктері бар өте белсенді дамып келе жатқан мемлекет.

"Бізде экономикалық, ең әуелі көлік-коммуникация саласында көптеген бірлескен жобалар бар. Біз жаңа көлік бағыттарын, атап айтқанда, транскаспийлік бағыттарды дамыту бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Осыған байланысты Қытаймен сындарлы өзара тиімді қарым-қатынасымызды сақтау және оны одан әрі нығайту саясатын жүзеге асыру біз үшін маңызды. Бұл тұрғыда әрине, біздің ұлттық мүдделерімізді және Қытайдың өз ұлттық мүддесін ескере отырып әрекет етеміз. Елдеріміздің егемендігін құрметтей отырып, біз Қытаймен осындай күрделі қарым-қатынасты дамытамыз".Мәулен Әшімбаев

Ол Қытаймен шектесетін шекарамыз ауқымды екенін еске салды. Сенат спикері "біз осы шекарадағы тұрақтылыққа мүдделіміз" деді.

"Бұл мәселенің барлығы сапар барысында талқыланады және бұл екі ел арасындағы сындарлы өзара тиімді қарым-қатынастардың одан әрі нығаюына септігін тигізеді. Қазақстан көпвекторлы саясат ұстанып отыр. Біз Қытаймен, Батыс елдерімен, Ресеймен, мұсылман елдерімен қарым-қатынасты сақтаймыз. Ал бұл көпвекторлы, ұлттық мүддемізге негізделген саясат ең тиімді, мемлекетіміздің дамуының қажеттіліктеріне сәйкес келеді. Бұл саясат жалғаса береді".Мәулен Әшімбаев

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары барысында жалпы сомасы 22 миллиард доллар болатын 47 құжатқа қол қойылды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: