Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті кімдер билікті басып алмақ болғанын айтты

Мемлекеттік төңкеріс, Қырғызстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2023 12:16 Сурет: Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік кеңесінің баспасөз қызметі
Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру арқылы билікті басып алуды ойлағандар кім екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі аудио-бейне материалдар негізінде қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қылмыстық топ жыл бойы өз қатарына жақтастарын, "ел аумағы бойынша ең наразы азаматтарды" тартқан.

"Ұйымдастырушы және идеологиялық дем беруші – азаматтық белсенді және "Элдик Кенеш" саяси партиясының төрағасы Н.Р.С. Оның жетекшілігімен билікті күшпен басып алу жоспарларын талқылай отырып, жақтастарын мемлекеттік құрылымдарға қарсы қоюға  бағытталған кездесулер жүйелі түрде өткізіліп келген". Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі

Топқа қоғамның түрлі салаларынан және ел аймақтарынан 100-ден астам адам тартылған. Олардың әрқайсысына нақты тапсырмалар берілген.

"Жақын арада ұйымдық мәселелерді қаржыландыруға және негізгі тұлғаларға сыйақы төлеуге шетелдік көздерден ақша түседі деген ақпарат бар. Ұйымдастырушылар кез келген оқиғаға қатысты қоғамда наразылық пайда болғаннан кейін бірден қылмыстық жоспарын жүзеге асырудың белсенді кезеңін бастауды көздеген". Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі

Топтың 30-дан астам мүшесі Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне жеткізілді. Олардың арасында негізгі ұйымдастырушы Н.Р.С, сонымен қатар оның төрт негізгі серіктесі бар. Ұсталғандар кінәсін мойындады деп хабарланды. Құқық қорғау органдары заттай айғақтарды тәркіледі.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: