Жаңалықтар тізбегі
0

Париж көшелеріндегі ереуіл полициямен қақтығысқа ұласты

Франция, зейнетақы реформасы, шеру, ереуіл, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2023 13:47 Сурет: pixabay
Францияда зейнетақы реформасына наразылар шеруі өршіп барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Наразылық танытқандардың саны бұл жолы жарты миллионнан асып отыр. Париж көшелерінде ереуіл соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, деп мәлімдеді "Хабар24" арнасы.

Ашуға ерік бергендер Олимпиада ойындарының штаб-пәтеріне басып кірмек болған. Осылайша, француздар халықаралық мамандардың назарын өзіне аударғысы келген. Халық мемлекеттік зейнетақы бағдарламасына қарсы.

Мұндай шаралар елде сәуірден бері тыйылмай келеді. Франция бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 11 мың полицей жұмылдырылған, соның ішінде Парижде 4 мың тәртіп сақшысы халықты таратуға кірісті.

Тұрғындардың жаппай бас көтеруіне зейнетақы мәселесі түрткі болып отыр. Сондай-ақ тұрғындар президенттің жалпы басқару саясатын сынға алып, халықтың әлеуметтік жағдайы нашарлап кетті деп дабыл қағып жатыр.

2023 жылғы 3 мамыр күні Парижде көшеге шыққан ереуілшілер құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне бензин құйылған бөтелке лақтырған, салдарынан бір офицерді күйік шалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: