Жаңалықтар тізбегі
0

Калифорнияда бір жігіт құны 4,4 миллион теңге болатын 1 млн тиын жасырылған құпия орынды тауып алды

Калифорния, байлық, байлық жасырылған орын, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2023 14:45 Сурет: John Reyes
Лос-Анджелесте Джон Рейес есімді жігіт марқұм болған қайын атасының үйін жинап жүріп, 1 миллион мыс тиын жасырылған қойма тауып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жылжымайтын мүлік агенті құны 10 мың доллар (4,4 миллион теңге) болатын байлық жасырылған қойма тауып алды. Қоймадан тиын толы жәшіктер, қораптар және ондаған банк сөмкелері табылды, деп жазды KTLA.

Бастапқыда Рейестің отбасы оны қағаз ақшаға айырбастамақ болған, алайда банктер қабылдамай қойған. Ресейс Монета салынған дорбаларды өз үйіне апаруға мәжбүр болыпты.

"Қап-қап тиынды жертөледен алып шығып, баспалдақпен көтеріп, жүк көліктеріне салуға тура келді. Оны жертөледен шығаруға бір күн уақытымыз кетті". Джон Рейес

Монеталар мыс емес, мырыштан құйылған. Оған АҚШ 1980 жылдардың басында ауысқан. Джонның қайын атасы Фриц мыс монеталардың уақыт өте келе құны артады деп ойлаған.

Джон Рейес монеталарды қайта сату үшін веб-сайтқа жарнама берген. Ол қап-қап тиынды 25 мың долларға бағалап отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: