Қазақстан құрамасының бапкері "Поле чудес" шоуында жеңіске жетті
Сурет: "Поле чудес" бағдарламасынан кадр
Алматы облысы Талғар қаласының тұрғыны Әлия Сапарова Бірінші арнадағы әйгілі "Поле чудес" телешоуы супер ойынының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бағдарламаның кезекті сериясы шоудың ресми сайтында пайда болды. Қазақстаннан барған қатысушы іріктеу ойынында жеңіске жетіп, кейін финалда да жеңіп шықты.
Тәуекелге барған Әлия Сапарова супер ойын ойнауға бел буды. Ол "Антарктида маңындағы суда өмір сүретін мұз балықтарының денесінде не жоқ?" деген сұраққа "гемоглобин" деп жауап берді. Осылайша ол "Поле чудес" шоуының жеңімпазы атанды әрі үйге арналған кинотеатр ұтып алды.
"Барлық Талғар тұрғынына шын жүректен сәлем жолдаймын. Бәріңізді жақсы көремін. Мен бақыттымын", - деді әйел.
Әлия Сапарова қысқы спорт түрлері бойынша республикалық спорт мектебінде әдіскер қызметін атқарады. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының спортшыларын оқу-жаттығу жиындарында жаттықтырады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript