Камчаткада Ключев шоқысында жанартау атқылай бастады

Камчаткада Ключев шоқысында жанартау атқылай бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2023 10:19 Сурет: flickr/Giorgio Galeotti
Қазір Камчаткада Ключев шоқысында күшті жанартау атқылап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Известия" басылымының жазуынша, қазіргі уақытта жанартау жергілікті халық пен авиацияға қауіп төндіріп тұрған жоқ. Жанартау бақылауда. Бұл жөнінде Ресей ғылым академиясының Қиыр Шығыстағы бөлімшесінің Вулканология және сейсмология институтының Камчаткадағы жанартау атқылауына қарсы әрекет ету тобының жетекшісі Ольга Гирина мәлімдеді.

Бұған дейін вулканологтар Камчаткадағы Ключев шоқысында қараңғыда жарқырап, жанартаудың белсенділік белгілері байқалғанын хабарлаған. 

Ключев шоқысындағы жанартау бұған дейін 2020 жылдың қыркүйегі мен 2021 жылдың ақпаны аралығында атқылаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: