Мұнай арзандай бастады

Мұнай бағасы арзандады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2023 09:54 Сурет: pixabay
Мұнай арзандай бастады. Қазір брент маркалы қара алтын 80 доллардан сатылып жатыр.

Баға соңғы бірнеше күнде 6 пайыздай төмендеген. Трейдерлер мұны ақша несие саясатының қатаңдатылуымен және әлем экономикасының нашарлауымен байланыстырып отыр.

Яғни осының салдарынан сұраныс азайған, деп жазады qazaqstan.tv.

Тіпті бағаның алдағы уақытта да арзандайтынын болжап отыр. Өйткені дәл қазір қара алтынның қымбаттауына ешқандай себеп жоқ дейді.

Валюта бағамына тоқталайық.

Бүгін теңге долларға шаққанда сәл нығая түсті. Қазір АҚШ валютасы - 456 теңге, еуро - 502, ал рубль - 5 теңге 60 тиын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: