Мәскеуде терроризмге қарсы іс-шаралар өткізіліп жатыр
Келіп түскен соңғы ақпаратқа сәйкес, Мәскеуде қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған терроризмге қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр, деп жазады Мәскеу мэрі Сергей Собянин өзінің Telegram-арнасында.
"Жолдарда қосымша бақылау шаралары енгізілді. Бұқаралық іс-шараларды өткізуге шектеу қоюылуы мүмкін. Қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын", – деп жазады Ресей астанасының мэрі.
Шектеу шаралары "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Пригожиннің қарулы төңкеріс жасауға әрекеттенуіне байланысты енгізілді. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Ресейлік БАҚ-тардың хабарлауынша, 24 маусымға қараған түні Ростов облысында "Вагнер" ЖӘК қатарындағылар әскери көтеріліс жасауға әрекеттенді. Бұл туралы әскери компанияның басшысы Евгений Пригожиннен келіп түскен хабарламалардан кейін белгілі болды.
Оқи отырыңыз: Ресейдің әскери генералы үндеу жасады: Әлі кеш болмай тұрғанда тоқтаңыздар!