Ресейдің әскери генералы үндеу жасады: Әлі кеш болмай тұрғанда тоқтаңыздар!
Сурет: видеодан алынды
24 маусымда РФ Біріккен әскери күштер тобы қолбасшысының орынбасары - армия генералы Сергей Суровикин "Вагнер" ЖӘК басшылығына, командирлеріне және жауынгерлеріне үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видео үндеу Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің ресми Telegram арнасында жарияланды.
"Мен жаңа ғана Ресей Федерациясы Қорғаныс министрінің бұйрығымен біздің әскеріміз, командирлеріміз, сарбаздарымыз, жауынгерлеріміз, еріктілеріміз тапсырманы орындап, жаумен алысып, бетпе-бет күресіп жатқан, өз позициясын сақтап тұрған алдыңғы шептен оралдым". Сергей Суровикин
Одан ары қарай ол "Вагнер" ЖӘК басшылығына, командирлеріне және жауынгерлеріне сөз арнады.
"Біз өздеріңізбен бірге қиын жолдан өттік, өздеріңізбен бірге соғысып, тәуекелге бас тіктік, бірде шығынға ұшырадық, бірде жауды бірге жеңдік. Біз бір қаннан жаратылғанбыз, біз - жауынгерлерміз. Өздеріңізге тоқтаңыздар деймін. Жау тек ішкі саяси жағдайдың шиеленісуін күтіп отыр. Ел үшін қиын-қыстау уақытта жауға қолжаулық болмайық". Сергей Суровикин
Армия генералы барлық мәселелерді тек бейбіт жолмен шешу керек екенін атап өтті.
"Әлі кеш болмай тұрғанда сабырға келейік, Ресей Федерациясының жалпыхалықтық сайланған Президентінің еркі мен бұйрығына бағынайық, әскери коллонаны тоқтатып, оларды тұрақты орналасу орындары мен шоғырлану аймақтарына қайтарайық, барлық мәселені тек Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының басшылығымен бейбіт жолмен шешейік", – деп сөзін қорытындылады Сергей Суровикин.
Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, 24 маусымға қараған түні Ростов облысында "Вагнер" ЖӘК қатарындағылар әскери көтеріліс жасады. Бұл туралы әскери компанияның басшысы Евгений Пригожиннен келіп түскен хабарламалардан кейін белгілі болды.
Ресей астанасында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бұл туралы Мәскеу мэрі Сергей Собянин мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript