"ҚазАвтоЖол" құбылмалы ауа-райына байланысты үндеу жасады
Сурет: Қостанай авариялық-құтқару қызметі
"ҚазАвтоЖол" құбылмалы ауа-райына байланысты республикалық маңыздағы күре жолдарды пайдаланушыларға үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазір республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында патрульдеу жұмысы күшейтілді. "ҚазАвтоЖол" бөлімшелері тәулік бойы, екі ауысымда жұмыс істеп жатыр.
24 ақпан сағат 13.30-дағы жаңартылған ақпаратқа сай, 6 өңірде ауа-райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 23 учаскесі әлі де жабық тұр. Жол қозғалысы шектелген тасжол учаскелерінің жалпы ұзындығы - 2 450 шақырым. Бұл - республикалық маңызы бар автожолдар желісінің 10%-ы.
"Осыған байланысты Ұлттық оператор ауа-райының қолайсыздығы туралы хабарламаларды назардан тыс қалдырмауға шақырады. Жолға шықпас бұрын ауа-райы болжамын нақтылау қажет. Жабық күре жол учаскелеріне шығуға тыйым салынғанын ескерген абзал", - делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.
Республикалық маңызы бар жолдардың жабылуы туралы "ҚазАвтоЖолдың" бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 колл-орталығына қоңырау шалу арқылы білуге болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript