Қазақстанның екі өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты тасжол жабылды

Қазақстанның екі облысында қолайсыз ауа райына байланысты тасжол жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚазАвтоЖол-ға сілтеме жасап.
Абай облысында жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты "Алматы-Өскемен" тасжолының Қалбатаудан Шығыс Қазақстан облысы шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Шығыс Қазақстан облысында боран мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты "Алматы-Өскемен" тасжолының Абай облысының шекарасынан Қасым Қасенов ауылына дейінгі аралықта көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript