Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды

Қазақстанның екі өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылғы 7 наурыз сағат 18:00-де ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожол учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды:
Абай облысы:
- "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 615-768-шақырым аралығы (Жетісу облысының шекарасы – Аягөз қ.);
- "Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы" автожолының 0-75-шақырым аралығы (Таскескен а. – Үржар а.).
Жетісу облысы:
- "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 615-768-шақырым аралығы (Үшарал қ. – Абай облысының шекарасы).
Жолды 2025 жылғы 8 наурыз сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер ертең, 8 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар жауып, көктайғақ болатынын болжаған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript