Жаңалықтар тізбегі
0

Украинадағы жағдай: АҚШ шабуыл кестеден қалып келе жатыр деп есептейді, ЕО әскери көмек қорын көбейтеді

Украина, АҚШ, "Вагнер" Зеленский, Украинадағы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2023 22:39 Сурет: Украина президентінің ресми интернет өкілеттігі
New York Times Украина "Вагнер" жасағаның бүлігін пайдалана алмағанын жазды, Германия Еуроодақтың Ресей Федерациясы Орталық банкінің тоқтау салынған активтерін Украинаны қалпына келтіруге беру идеясын құптамады, деп хабарлайды Zakon.kz.

  • Ресей Сыртқы істер министрлігінің басшысы Сергей Лавров Батыс пен Киевтің "Ресей Федерациясы Запорожье атом электр станциясын жарғалы жатыр" деген мәлімдемелерін бос сөз деп атады;
  • Лавров сонымен қатар Ресейдің арнайы қызметі 24 маусымдағы жағдайға Батыстың барлау қызметтерінің қатысы бар-жоғын тексеріп жатқанын айтты;
  • Украина Қарулы күштерінің кестеден қалып келе жатқан шабуыл нәтижелері АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігінің "есін жиғызды", деп жазды New York Times басылымы;
  • Сонымен қатар, басылымның жазуынша, Украина Евгений Пригожин мен "Вагнер" жасағының бүлігін пайдаланып кете алмады, бұл оқиға ұрыс даласындағы жағдайға әсер еткен жоқ;
  • Бұған қоса New York Times Америка Құрама Штаттары Украинаға берілген Bradley жауынгерлік көлігінің кем дегенде 17-сі (15%-дан астамы) зақымдалғанын немесе жойылғанын мойындайтынын жазды;
  • Украина президенті Владимир Зеленский халықаралық тәртіп қалпына келгенше "әлем Ресейге қысым көрсетуі керек" деп мәлімдеді;
  • Батыс Ресей Федерациясындағы бүлік әрекетіне байланысты жағдайға араласуға ниетті емес, бұл жөнінде Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербок мәлімдеді;
  • Еуроодақтың Сыртқы істер министрлері Украинаға әскери көмек қорын 3,5 миллиард еуроға арттыруды мақұлдады;
  • Германия Еуроодақтың Ресей Федерациясы Орталық банкінің тоқтау салынған активтерін Украинаны қалпына келтіруге беру идеясын құптамады, деп жазды Financial Times.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: