Жаңалықтар тізбегі
0

Bloomberg: ЕО Ресейдің бұғатталған активтерін пайдаланудың заңды жолын тапты

Бұғатталған ақша, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2023 19:47 Сурет: pxhere
"ЕО елдерінің басшылары Еуропалық Одақ бұғаттаған ресейлік активтерге байланысты күтпеген кірістерге салық салуды көздейтін жоспарды қолдады". Бұл туралы Bloomberg жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мақалада Еуропалық Одақ (ЕО) елдерінің басшылары Ресейдің Орталық банкінің 200 миллиард евро (217 миллиард доллар) көлемінде бұғатталған активтерінен түскен күтпеген табысқа салық салу идеясын қолдағаны айтылған. Осы әдісті қолдана отырып, блок Украинаны қалпына келтіруге көмектесу үшін бұғатталған ақшаны қолданудың құқықтық мәселесін шешеді.

Агенттік дереккөзі бұл жоспар заңды және қаржылық мәселелерге байланысты әлі толық мақұлданбағанын жеткізген.

Сондай-ақ, дереккөз ЕО елдерінің кейбір басшылары Еуропалық орталық банктің ескертуін алға тартқанын атап өтті. Бұған дейін аталған мекеме Еурокомиссияға Ресейдің бұғатталған активтері бойынша жасалған операциялардан түскен пайданы алу евроға деген жаһандық валюта ретіндегі сенімге нұқсан келтіруі және әлемдік қаржылық тұрақтылықты шайқалтуы мүмкін екендігін ескерткен болатын. 

Үстеме пайдаға салық салу жоспары қабылданған жағдайда, блок "Үлкен жетілік" (G7) елдерінің қолдауына ие болуға ұмтылады.

Еурокомиссия мен Ақ үйдің Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің өкілдері Bloomberg агенттігінің осы мәселеге қатысты жолдаған сауалына түсініктеме беруден бас тартқан. Ұлыбритания билігінің өкілі өз елінің ЕО жоспарын қолдайтынын және осы мәселе бойынша одақ мүше елдермен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.

Еуропалық комиссияның мәліметінше, ЕО-да Ресей Федерациясы Орталық банкінің шамамен 200 миллиард евросын және шамамен 24 миллиард евро жекелеген тұлғалардың қаражаты бұғаттаулы жатыр. Осындай активтерге үстеме пайда бойынша салық салу арқылы Еуропалық Одақ жылына шамамен 3 млрд евро табысқа кеңеле алатыны да айтылады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: